Accessibility links

ҰҚК 33 адамның діни себеппен ұсталғанын хабарлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымының бөлімшелерін бейтараптандыру бойынша" 21 желтоқсанда басталған арнайы операцияны аяқтап, 33 адамды ұстағанын хабарлады.

ҰҚК дерегінше, олар "діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымның іс-әрекетіне қатысты" деген күдікке ілінген. ҰҚК "бөлімшенің іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған" айтады.

Ұсталған азаматтардың жетеуі қамалған, біреуіне ешқайда кетпеу жайы ескертілген, сегізіне келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылған, 17-сі мүшесі әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылмақ.

Ол азаматтардың тұратын және жиналатын мекенжайлары тінткен ҰҚК "діни материалдар, компакт-дискілер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылғанын" хабарлады.

XS
SM
MD
LG