Accessibility links

Филиппиндегі жарылыстан 16 адам жараланған


Рим папасы Франциск өткізген діни рәсімге жиналған адамдар. Манила, Филиппин, 16 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Рим папасы Франциск өткізген діни рәсімге жиналған адамдар. Манила, Филиппин, 16 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралында сенбі күні католик шіркеуі қасында болған жарылыстан 16 адам зардап шеккен. Жараланғандардың арасында полиция қызметкері де бар, ол жарылыс болған кезде жақын жерде полиция көлігі жанында тұрған.

Шіркеуде рождество мерекесіне байланысты мінәжат өтіп жатқанда жарылыс болған. Шіркеу қызметкерінің айтуынша, үрейленген адамдар жарылыстан соң сыртқа қарай ұмтылған.

Әзірше ешкім бұл жарылысқа жауакершілікті алған жоқ.

Соңғы уақытта Минданао мұсылман автономиялық ауданында мұсылман көтерілісшілері мен исламшыл экстремистер тарабынан зорлық-зомбылық жасау көбейген.

XS
SM
MD
LG