Accessibility links

Рим папасы Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға шақырды


Рим папасы Франциск.
Рим папасы Франциск.

Рим папасы Франциск 25 желтоқсанда Римдегі қасиетті Петр соборында католиктердің Рождество мерекесіне байланысты дәстүрлі жолдауын жолдады.

Ол өз сөзінде Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға шақырып, террорлық әрекеттерден қаза тапқандардың туысқандарына көңіл айтты. Рим папасы Алепподағы қырғынды тоқтату үшін халықаралық қауымдастық бейбіт шешім табу керектінін мәлімдеді.

Франциск ауыр жағдайда қалған халыққа, босқындарға көмек қолын созу керектігін айтып, балаларды жанкешті ретінде пайдалануды тоқтатуға шақырды. Рим папасының жолдауын тыңдауға 40 мың адам жиналған.

XS
SM
MD
LG