Accessibility links

Қазақстанға ресейлік жойғыш ұшақтар жеткізілді


Ресейде шығарылған Су-30См жойғыш ұшағы. 27 желтоқсан 2016 жыл (Сурет Қазақстан қорғаныс министрлігінің сайтынан алынды).
Ресейде шығарылған Су-30См жойғыш ұшағы. 27 желтоқсан 2016 жыл (Сурет Қазақстан қорғаныс министрлігінің сайтынан алынды).

Қазақстан қарулы күштеріне ресейлік Су-30СМ жойғыш ұшақтары қосылды. Қазақстан қорғаныс министрлігінің бүгін таратқан мәлімдемесінде армия қатарына төртінші буынға жататын Су-30СМ жойғыш ұшақтарының тағы бір партиясы қосылғаны айтылады.

Әуедегі, жердегі және су астындағы нысандарды күйрете алатын жойғыш ұшақтардың Қазақстанға қашан әкелінгені және саны қанша екені айтылмайды. Қорғаныс миинстрлігінің сайтында аталған әскери ұшақтың бірінің суреті көрсетілген.

Министрлік Су-30СМ ұшақтарының алғашқы партиясы қарулы күштер қатарына 2015 жылы Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрліктері арасында жасалған келісім бойынша жеткізілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG