Accessibility links

Атырауда бұрынғы полицейлер ісі бойынша сот үкімі шықты


Атырау қалалық №2 соты (Көрнекі сурет).
Атырау қалалық №2 соты (Көрнекі сурет).

Атырау қалалық соты бұрынғы полиция қызметкерлерінің ісі бойынша үкім шықарды. Оларға айып бұрынғы әріптесінің "өкінуінен" соң тағылған.

Атыраудағы бір топ полиция қызметкерлері бұрынғы полицей, жергілікті тұрғын Дмитрий Кимді ұрлап әкетіп, өлтірді деген айыптармен сотталған Манарбек Өтеуовтің "өкіну хатынан" соң ұсталған. Өтеуов хатында бұрынғы басшылығын өзінің қылмысына және басқа да қылмыстарға қатысы барын айтып, Атырау полициясының жоғары шенді бірнеше шенеунігінің атын атаған. Мамыр айында сот оны 22 жылға соттаған.

Атырау қалалақы №2 сотының үкімімен қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы тергеушісі Ернар Іздібаев мен тергеуші Нұрлан Оразғалиев "дәлелді қолдан жасау" және "кінәсіз адамды көпе-көрінеу қылмыстық жауапқа тарту" баптары бойынша айыпты деп таныды. Оларға үш жылға бас бостандығынан айырылу және мемлекеттік қызметте үш жылға дейін жұмыс істеу құқығынан айырылу жазасы кесілді.

Сот бұрынғы жедел уәкіл Азамат Достанов пен Ілияс Стамғалиевты "қызмет бабын асыра пайдаланды" және "қызмет бабында жалған құжат жасады" деп айыптап, үш жылға соттады. Сот олардың дүние-мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекттік қызмет атқару құқығынан айыруға үкім кесті. Сот шешімі бойынша, сотталушылар жазасын жалпы режидегі колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Манарбек Өтеуов бес бап бойынша, оның ішінде "қызмет бабында жалған құжат жасау", "қызмет бабын асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Сот оны бес жылға бас бостандығынан айыру және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім кескен. Жергілікті агенттіктер Өтеуов 26 желтоқсандағы сот отырысында өзіне қысым жасалып жатқанын айтқан.

Осы аптаның басында бұл іс бойынша процессуалдық келісім жасасқан өзге төрт сотталушыға үкім шыққан. Бұрынғы жедел уәкіл Азидулла Баянов пен Әли Қабдешевбірнеше бап бойынша айыпты деп танылып, бірі екі жарым жыл, екіншісі үш жылға сотталған.

Бұрынғы тергеушілер Аслан Хайруллин мен Александр Кимді сот дәлелдерді қолдан жасады және кінәсіз адамды көпе-көрінеу түрде қылмыстық жауапқа тартты деп айыпталып, екі жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG