Accessibility links

АҚШ арнайы қызметі "Ресейдің кибершабуылы" туралы есебін жариялады


Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (немесе FBI) мен ішкі қауіпсіздік министрлігі президент сайлауы кезіндегі кибершабуылдар туралы есебін жариялады. Ведомстволардың мәліметінше, кибершабуылдарға Ресей арнайы қызметінің қатысы бар.

Есепте хакерлердің мәлімет ұрлау үшін инфрақұрылымдық нысандар, үкімет және білім беру мекемелерінің компьютерлік желілеріне шабуылдағаны айтылады. Құжатта ресейлік екі хакерлік топ аты аталмаған америкалық партияның серверлерін 2015 жылы жазда және 2016 жылы көктемде бұзып кірген деген тұжырым жасалған.

29 желтоқсанда АҚШ қаржы министрлігі "Рсеей жасады" делінген хакерлік шабуылдарға жауап ретінде ресейлік бірнеше азаматқа, компания мен водомстваларға қарсы санкция салған. Сонымен қатар Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) мен Ресей қарулы күштерінің бас барлау басармасына да шектеу шаралары қабылданған. Ресей сыртқы істер министрлігі санкцияларды "кері әсер беретін қадам" деп атап, олардың Мәскеу мен Вашингтонның екі жақты қарым-қатынасына залал келтіретінін мәлімдеді.

АҚШ-тағы президент сайлауына дайындық кезінде Демократиялық партияның сайлауалды штабы серверлерін ресейлік хакерлер Кремльдің мүддесі үшін бұзып кіргенін бірнеше рет мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды "негізсіз" деп, кибершабуылдарға қатысы барын жоққа шығарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG