Accessibility links

Сирия оппозициясы Астана келіссөзінен бас тартты


Сирия көтерілісшілері окоп қазып жатыр. Дамаскінің шығысы, 2 қаңтар 2017 жыл.
Сирия көтерілісшілері окоп қазып жатыр. Дамаскінің шығысы, 2 қаңтар 2017 жыл.

Сирия көтерілісшілері биліктің бейбітшілік шартын жиі бұзғанын айтып, үкіметпен келіссөзге дайындықты тоқтатқанын хабарлады.

Қаңтардың 2-сі күні "Сирия еркін армиясы" қатарындағы 12 оппозиялық топ қаңтардың соңында Түркия мен Ресейдің араласуымен Астана өтеді делінген келіссөзден бас тартты. Олар "көтерілісшілер 30 желтоқсаннан бері атысты тоқтатты, ал үкімет армиясы Дамаск маңындағы аудандарды әуеден атқылап жатыр" деп мәлімдеді.

Сирия құқық қорғаушылары дерегінше, дүйсенбі күні ел президенті Асадтың армиясы ираншыл "Хезболлах" тобының қолдауымен көтерілісшілерді ауыз судың басты қоры бар Айн әл-Фиджех қаласы маңынан тықсырған.

Сирия көтерілісшілерін қолдаған түрік әскері "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы бақылайтын Әл-Баб маңында жиһадшылармен қақтығыстық, олардың аумағын Ресей авиациясы бомбалады" деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG