Accessibility links

Қазақстан бірнеше елдің азаматтарына виза беруді оңайлатты


Астана әуежайы. (Көрнекі сурет)
Астана әуежайы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан Еуропа Одағы елдерінің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің және Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Монако мен Сингапурдың азаматтарына визасыз келу тәртібін енгізді. Бұл елдердің азаматтары 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға 30 күн мерзімге визасыз келе алады.

Астана бұл өзгеріс "Қазақстанның инвестициялық климатын оңалту және туристік әлеуетін дамыту мақсатын көздейтінін" айтады.

Қазақстан 2015 жылдың 16 шілдесінен бері 19 елдің азаматтарын 15 күнге дейін визасыз қабылдай бастаған.

XS
SM
MD
LG