Accessibility links

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкция салу жобасын даярлады


Бен Кардин, АҚШ сенаторы.
Бен Кардин, АҚШ сенаторы.

Америкалық бір топ сенатор - Республикашыл партия мен Дкмократиялық партия өкілдері Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыратын заң жобасын даярлады. Бұл туралы демократ сенатор, заң жобасын даярлаушылардың бірі Бен Кардин мәлімдеді. Оның сөзінше, құжат осы аптада жариялануы мүмкін.

"Бұл заң жобасы - конгрестің Ресейге қарсы қосымша санкциялар салуын қарастыратын ауқымды құжат" деді Бен Кардин. Санкциялар Мәскеудің Шығыс Еуропадағы, оның ішінде Қырымды аннексиялау мен Сирияда Башар Асад билігін қолдау әрекеттеріне жауап ретінде салынбақ.

АҚШ президенті Барак Обама 29 желтоқсанда президент сайлауы кезінде Демократиялық партияның компьютерлік желілерін бұзып кіруге қатысы бар делінген Ресей барлау қызметінің жетекшілеріне, бірнеше ресейлік азамат пен фирмаға санкция салған. Сонымен қатар АҚШ-тан тыңшылыққа қатысы бар деген 35 ресейлік дипломат шығарылған. Америкалық конгресмендер Ресейдің АҚШ-тағы сайлау кампаниясына килігуі туралы деректерге парламенттік тергеу жүргізу қажеттігін мәлімдеп, қосымша санкциялар салу идеясын қолдайды.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен оның қасындағы сенімді адамдары Кремльдің АҚШ-қа кибершабуылдар жасауға қатысы барына күмән келтіреді.

XS
SM
MD
LG