Accessibility links

Адвокат: Апелляциялық сот Дүтбаевты қамауда қалдырды


Нартай Дүтбаев, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы.
Нартай Дүтбаев, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы.

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың адвокаты Жомарт Сармановтың Дүтбаевты екі айға қамау тураыл сот шешіміне берген шағымын қайтарып тастады. Жомарт Сармановтың Азаттыққа телефон арқылы хабарлауынша, апелляциядық сот отырысы 2 қаңтар күні болған.

Адвокаттың айтуынша, өткен айда ұсталған Дүтбаевқа қатысты іс "құпия" деп танылғандықтан, ол іс бойынша ҰҚК таратқан қапараттан өзге қандай да бір мәлімет бере алмайды. Сарманов сонымен қатар Дүтбаевтың өзі күдікке қалған "мемлекеттік құпияны жарялау" және "қызмет бабын асыра пайдалану" айыптарын мойындамайтынын айтады. Дүтбаев сонымен қатар кейбір БАҚ-тарда өз ісіне қатысты "расталмаған ақпардың" жариялануына қарсылық танытады. Адвокат Дүтбаев мұны қоғамда өзіне қарсы теріс көзқарас қалыптастыру арқылы қысым жасау әрекеті деп білетінін айтады.

Адвокат сонымен бірге Дүтбаевтың ҰҚК абақтысында өзін ұстау тіртібіне шағымданбайтынын айтады. Сарманов өзін Дүтбаевтың әзірге бірден-бір адвокаты екенін айтады.

ҰҚК бұған дейін Нартай Дүтбаев пен екі қызметкер - Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаевтың 26 желтоқсанда "мемлекеттік құпияны әшкереледі, билігін және қызмет бабын асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Олардың үйлерінде "тінту жүргізіліп, заттай айғақтар тәркіленген". 28 желтоқсанда күдіктілер сот шешімімен екі айға қамалып, ҰҚК-нің тергеу абақтысына жабылған.

Нартай Дүтбаев ҰҚК-ін 2001 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы ақпанның 22-сіне дейін басқарған. Ол 2006 жылы 13 ақпанда Алматы маңында оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруге ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысы бары анықталғаннан кейін отставкаға кеткен.

Дүтбаев отставкаға кеткен соң ҰҚК акдемиясының басшысы, президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясында аз уақыт вице-президент болды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG