Accessibility links

Франция Сербияның сұрауымен Косовоның экс-премьерін тұтқындады


Рамуш Харадинай, Косовоның бұрынғы премьер-министрі.
Рамуш Харадинай, Косовоның бұрынғы премьер-министрі.

Франция полициясы Сербияның сұрауы бойынша Косовоның бұрынғы премьер-министрі Рамуш Харадинайды тұтқындады. Харадинай Косовода 1998-1999 жылдардағы соғыста дала командирі болған. Сербия билігі оны сол соғыста әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Бұрын Сербияның бір аймағы болған Косово 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған.

Косованың сыртқы істер министрлігі Франция билігі Харадинайды "Сербияның 2004 жылы берген ордері негізінде ұстағанын" және оны құп көрмейтінін мәлімдеді.

Reuters агенттігі полициядағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып бұрынғы премьердің Францияның шығысындағы Базель-Мульхаус әуежайында Приштинадан келген бетінде ұсталғанын хабарлады.

Харадинай Косово үкіметін 2004-2005 жылдары басқарған. Оған әскери қылмыс жасады деген айып тағылып, кейін Гаага трибуналы ақтаған. Харадинай 2015 жылы маусымда Сербияның ордері бойынша ұсталып, екі тәуліктен соң дипломатиялық қысыммен босатылған.

XS
SM
MD
LG