Қазақстандық Astana Motorsports командасының экипажы жүргізуші Денис Березовский мен штурман Алексей Никижев "Дакар" жарысының 3-кезеңінде жеңіл көліктер категориясында (T2 - сыйымдылығы аз көліктер) үшінші нәтиже көрсетті. Березовский экипажы "Дакар" жарысына Toyota көлігімен қатысып жатыр.
4 қаңтардағы үшінші кезеңде раллиге қатысушылар Аргентинаның Сан-Мигель-де-Тукуман және Сан-Сальвадор-де-Жужуй қаласының арасындағы 780 километрді басып өтті.
Ал жүк көліктері арасындағы жарысқа қатысып жатқан Astana Motorsports командасының мүшесі Артур Ардавичус жалпы есепте 17-орында тұр.
"Дакар" жарысы 14 қаңтарда аяқталады.