Accessibility links

Анкара: Коалицияның әуе базамызды пайдалану шартын қайта қараймыз


Түркияның Инжирлик базасында тұрған АҚШ-тың әскери ұшақтары.
Түркияның Инжирлик базасында тұрған АҚШ-тың әскери ұшақтары.

Түркия билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның Сириямен шекараға жақын орналасқан стратегиялық маңызы бар Инжирлик әуе базасын пайдалануын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Коалиция Инжирлик базасын ИМ-ге әуеден шабуыл жасау үшін пайдаланып келген.

Бірақ Анкара ИМ-ге қарсы құрлықта соғысып жатқан коалициямен одақтас сириялық күрдтерді олардың Түркиядағы күрд сепаратистерімен байланысы үшін "террорист" деп санайды.

"Азаматтар олардың Инжирликте болғаны қаншалықты дұрыс деген мәселе көтеріп жатыр. Бұл мәселе үкіметтің күн тәртібінде тұр" деді вице-премьер Вейси Кайнак 5 қаңтарда Haber телеарнасына берген сұхбатында. Ол коалиция Инжирлик базасын Сирияда сүнниттік топтармен бірге ИМ-ге қарсы соғысып жатқан Түркияға қолдау көрсетуге сирек пайдаланатынын айтып шағымданды.

Осы аптада Түркия президентінің баспасөз хатшысы, қорғаныс және сыртқы істер министрлері де осыған ұқсас пікірлер айтып, Түркия АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Инжирлик базасын пайдалануға қатысты мәселеге басқа қырынан келеді деп үміттенетінін білдірген.

Анкараның шағымдарына Ақ үй мен Пентагон бірден жауап қатып, Сирияның Әл-Баб қаласы маңында ИМ-ге қарсы соғысып жатқан Түркия АҚШ әскери ұшақтарының көмегіне жүгіне алатынын білдірген.

XS
SM
MD
LG