Accessibility links

Ресей бас штабы: Әскери кемелер Сириядан шығарылады


Сирияның Жерорта теңізі жағалауында тұрған Ресейдің "Адмирал Кузнецов" авиатасымалдағышы. 4 қаңтар 2017 жыл.

Ресейдің "Адмирал Кузнецов" авиакрейсері мен ол басқаратын әскери кемелер Сирияда әскери операция жүргізіп жатқан аймақтан кетеді деп хабарлады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Орыс редакциясы.

Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың түсіндіргені бойынша, қорғаныс министрлігі Сириядағы Ресей әскерилері мен әскери техникаларының санын азайтуға кіріскен. Әскери іс-қимылдар аймағынан алғаш болып авиатасымалдағыш топ шығарылады. Герасимов әскер мен әскери техниканы шығарудың қашан аяқталатынын айтпады.

Бірер күн бұрын ресейлік ақпарат құралдарында Ресейдің жалғыз "Адмирал Кузнецов" авиатасығышы мен "Петр Великий" атом крейсері қаңтарда Жерорта теңізіндегі сапарын аяқтайтынын хабарлаған еді.

Жерорта теңізіндегі "Адмирал Кузнецов" авиа тасығышы ресейлік өзге әскери кемелермен бірге 15 қарашадан бастап Сирия территориясына шабуыл жасаған. Осы уақыт ішінде авиатасығышқа қонатын тұста операцияға қатысқан екі жойғыш ұшақ апатқа ұшырады. Апаттан ешкім қаза тапқан жоқ.

Кремль "Адмирал Кузнецовтің" әскери іс-қимылдарға "табысты түрде" қатысқанын айтады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG