Accessibility links

Афинада ресейлік дипломат өлі күйде табылды


Афина көшесі (Көрнекі сурет).
Афина көшесі (Көрнекі сурет).

Афинада Ресейдің Грекиядағы елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Андрей Маланин өлі күйінде табылды.

Reuters агенттігінің грек полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, 54 жастағы Андрей Маланин өз пәтерінің жатын бөлмесінде еденде жатқан жерінде табылған. Пәтердің есік-терезесінде ешқандай бұзып кіру белгілері байқалмайды.

Полиция өкілі "Сырт көзге ол өз ажалымен өлген сияқты көрінеді" деп, ресейлік дипломаттың қазасы тергелетінін айтты.

XS
SM
MD
LG