Accessibility links

АҚШ Бастрыкин мен Луговойды "Магнитский тізіміне" қосты


Александр Бастрыкин (сол жақта) және Андрей Луговой.

АҚШ адам құқығын бұзды деп тағы бес ресейлікке, оның ішінде Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин мен депутат Андрей Луговойға санкция салды. Олар Ұлыбританияда Кремльдің қарсыласы Александр Литвиненконың улануына қатысы бар деп айыпталып отыр.

АҚШ қаржы министрлігі 2012 жылы қабылданған "Магнитский тізімі" бойынша Вашингтон заңгер әрі коррупциямен күресуші Сергей Магнитскийдің өліміне және басқа да қылмыстарға қатысы бар деп санайтындарға қарсы қаржылық санкциялар мен виза шектеулерін енгізген.

Бастрыкин мен Луговой - "Магнитский тізіміне" қосылған Ресей билігінің ең ықпалды өкілдерінің бірі. Тізімде барлығы 44 адам бар. Вашингтон Бастрыкин басқаратын ведомствоның Ресей президенті Владимир Путиннің қарсыластарын саяси мақсатта қудалауға қатысы бары деп санайды. Ұлыбритания тергеушілері Ресей мемлекеттік думасының депутаты Андрей Луговойды 2006 жылы Лондондағы қонақүйде Литвиненконы жеке өзі улаған деп айыптайды.

AzattyqTV

AzatNews 25.04.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:23 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG