Accessibility links

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды


Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары.

Ақпаратқа қарағанда, оған "аса ірі көлемдегі қаржыны бірнеше рет топ болып алдын ала келісім жасау арқылы алып отырған, ол қаражатты өз қажетіне жаратқан" деген айып тағылған.

Қуандық Бишімбаев Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша тергеу-ұстау изоляторына қамалған, соталды тергеуі жалғасып жатыр.

Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев 2016 жылы 28 желтоқсан күні қызметінен босатылған. Ресми ақпаратқа қарағанда, президент Нұрсұлтан Назарбаев оны "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарып тұрған кездегі қызметіне қатысты туындаған мәселелер бойынша босатқанан айтқан.

2017 жылдың 30 желтоқсанында Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG