Accessibility links

Польшаға АҚШ-тың алғашқы әскери құрылымдары жетті


Шығыс Еуропада НАТО күштерін көбейту аясында Польшаның Заган қаласына жеткізілген америкалық әскерилер мен әскери техникалар. 12 қаңтар 2017 жыл.
Шығыс Еуропада НАТО күштерін көбейту аясында Польшаның Заган қаласына жеткізілген америкалық әскерилер мен әскери техникалар. 12 қаңтар 2017 жыл.

Польшаға алғашқы америкалық әскери бригадалар мен әскери техниклаар жеткізілді. Жергілікті тұрғындар 12 қаңтарда Польшаға Германия шекарасы жағынан кірген АҚШ-тың 3500 әскери қызметкерін АҚШ туларын ұстап қарсы алды. Америкалық әскер Заган қаласына орналасып, одан ары аймақтағы жеті елге бөлінеді.

Варшавадағы "Маршалла қоры" неміс зерттеу ұйымының директоры Михаил Барановски аймаққа америкалық әскерилердің келуін "арманның орындалуы" деп атады. "Олар сырткөз үшін келіп отырған жоқ, олар - соғысқа жарап тұрған контингент" деді ол.

АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі 2014 жылы Ресейдің Украинадағы іс-қимылдарына алаңдаған аймақтағы одақтастарын тыныштандыру үшін Шығыс Еуропаға әскер жіберуге шешім қабылдаған.

Ресей Вашингтонның әскер жіберуін қатаң сынады. 12 қаңтарда Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Бұл әрекет біздің мүдделеріміз бен қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді. Бұл әсіресеүшінші тарап шекарамызға жақын аймақта әскери күшін арттырып отырған кезде алаңдатады" деді.

XS
SM
MD
LG