Accessibility links

АҚШ Сербия президентіне қарсы санкция салды


Милорад Додик, Сербия Республикасының президенті.
Милорад Додик, Сербия Республикасының президенті.

АҚШ қаржы министрлігі Сербия Республикасының президенті Милорад Додикке қарсы санкция салып, оны Босния және Герцеговинадағы соғысты тоқтатқан 1995 жылғы Дейтон келісімін іске асыруға кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеді. Санкция бойынша Додиктің АҚШ құзырындағы кез-келген активі бұғатталады.

Батыс елдері Босния және Герцеговина құрамындағы бұл автономиялық территория басшысын 9 қаңтарды Сербия Республикасының мемлекеттік күні деп жариялауға күш салып жатыр деп сынайды. Баня-Лукадағы мерекелік шаралар Сараево сотының шешімі мен Батыс елдерінің шаралар елдің бірлігі мен конституциялық құрылымын бұзады деп ескерткеніне қарамастан өтіп отыр.

XS
SM
MD
LG