Accessibility links

Еуропа парламентінің жаңа президенті сайланды


Антони Таяни, Еуропа парламентінің жаңа президентін сайлауға дауыс беру кезінде. Страсбург, Франция, 17 қаңтар 2017 жыл.
Антони Таяни, Еуропа парламентінің жаңа президентін сайлауға дауыс беру кезінде. Страсбург, Франция, 17 қаңтар 2017 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) парламентінің депутаттары италиялық оңшыл кандидат Антонио Таяниді парламенттің келесі президенті етіп сайлады. Антонио Таяни ЕО парламентінің қазіргі президенті, германиялық саясаткер Мартин Шульцтің орнын басады.

Таяни 17 қаңтарда өткен дауыс берудің төрт кезеңінде отандасы, Италияның солшыл Социалистер мен демократтардың прогрессивтік альянсының өкілі Джанни Питтелладан басым түсті. Дауыс берудің соңғы кезеңінде Таяни 351 дауыс, Питтелла 282 дауыс алды. Алғашқы үш кезеңдегі дауыс беруге түрлі саяси фракциялардан алты кандидат қатысты.

Бұған дейінгі жылдары оңшыл Еуропа халықтық пратиясы (EPP) мен Социалистер мен демократтардың прогрессивтік альянсының өкілдері президенттік қызметті әрқайсысы екі жарым жылдан бөліп атқарған.

Италияның бұрынғы премьері Сильвио Берлускониге жақын саналатын Антонио Таяни бұған дейін ЕО парламентінің вице-президенті болған. Ол сонымен бірге 2008-2014 жылдары еурокомиссар болған.

XS
SM
MD
LG