Accessibility links

Қазақстанда азаматтарды онлайн тіркеу қызметі ашылды


Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2016 жыл.

Қазақстан үкіметі азаматтарды уақытша тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеу қызметінің ашылғанын жариялады. Қызмет түрі "Электрондық үкімет" (egov.kz) сайтында сынақ ретінде іске қосылған деп хабарлады ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 17 қаңтар күні кешке Facebook-тағы парақшасында.

Министр хабарламасында онлайн тіркеу қызметінде кемшіліктер болуы мүмкін екенін айтады. "Сынақ жұмыстары аяқталмағандықтан қызмет жұмысында аздаған іркілістер болуы ықтимал. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын" деп жазады ол.

Онлайн тіркеу қызметі Қазақстанда жыл басында азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруды міндеттейтін заң талабы күшіне еніп, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) дүрлігіс пен ұзын-сонар кезек пайда болған соң іске қосылып отыр. Уақытша тіркеу басталған екі апта ішінде ХҚКО-да уақытша тіркеуге тұруға келген екі адам қайтыс болды. Бір кісі Алматы облысындағы, екіншісі Алматыдағы ХҚКО-да көз жұмды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG