Қаңтардың 17-сіне қараған түні АҚШ-та 82 жасында астронавт Юджин Сернан қайтыс болды. Ол 1972 жылы желтоқсанда "Аполлон-17" ғарыш экспедициясы құрамында Ай бетіне шыққан он бірінші адам болды. Содан бері адам баласы Ай бетіне қайтадан қадам басқан емес.
Ай бетіне шыққан соңғы адам
АҚШ-та "Аполлон-17" ғарыш экспедициясы құрамында Ай бетіне шыққан соңғы адам - астронавт Юджин Сернан қайтыс болды.
1
АҚШ "Аполлон-17" миссиясын ғарышқа 1972 жылғы желтоқсанның 7-і күні ұшырған.
2
Суретте: АҚШ вице-президенті Агню Спиро "Аполлон-17" миссиясының ғарышқа сәтті ұшырылуымен құттықтап тұр.
3
Ғарыш сапары кезінде Юджин Сернан мен Харрисон Шмитт арнайы модульмен Ай бетіне қонып, онда үш тәуліктен астам уақыт өткізген. Осы уақыт ішінде олар модульден Ай бетіне үш рет шыққан.
Суретте: Юджин Сернан (сол жақта) мен Харрисон Шмитт (оң жақта) ғарыш кемесі бортында.
Суретте: Юджин Сернан (сол жақта) мен Харрисон Шмитт (оң жақта) ғарыш кемесі бортында.
4
Астронавт Рональд Эванс ашық космоста арнайы камерадан пленканы алып жатыр.
5
Айда астронавтар дәл қасында жұмыс істеген жартастардың бірі Юждин Сернанның қызының құрметіне Трэйси жартасы деп аталады.
Суретте: астронавт Юджин Сернан Ай бетінде АҚШ туымен тұр.
Суретте: астронавт Юджин Сернан Ай бетінде АҚШ туымен тұр.
6
"Аполлон-17" ғарыш кемесінен қарағандағы Жердің көрінісі.
7
NASA агенттігінің мәліметі бойынша, Айға ғарыш сапарымен барып қайтқан астронавтардың арасында тек Харрисон Шмитте ғана Ай шаңына аллергия пайда болған.
Суретте: Харрисон Шмит Ай бетінде тұр.
Суретте: Харрисон Шмит Ай бетінде тұр.
8
Миссия кезінде "Аполлон-17" командасы жүргізген онға жуық тәжірибе кейін Ай кратерлерінің қалыптасу кезеңін анықтауға көмектесті.