Accessibility links

Италияда автобус апатынан жасөспірімдер мерт болған


Италиялық жедел жәрдем көлігі. (Көрнекі сурет.)
Италиялық жедел жәрдем көлігі. (Көрнекі сурет.)

Италияның солтүстігінде Венгриядан қыдырып барған оқушылар отырған автобус жол-көлік апатына ұшырап, салдарынан 16 адам мерт болып, 39 кісі зардап шеккен. Бұл туралы бүгін италиялық баспасөз құралдары хабарлады.

Италия төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Франциядан Венгрияға қайтып бара жатқан автобус сенбіге қараған түні жол бойындағы бағанға соғылып, жанып кеткен. Автобуста 14-18 жас аралығындағы венгриялық оқушылар болған.

XS
SM
MD
LG