Accessibility links

Қазақстанның бірнеше облысында бүгін ұйытқыған боран тұруына байланысты жолдар жабылды. Астана қаласы мен Ақмола облысында бүгін ұйытқи соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Астанада осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды деп хабарлады қалалық білім басқармасы. Бұған қоса Астана-Щучинск, Астана-Астрахань, Астана-Павлодар және Астана-Қарағанды бағыттарындағы жолдар жабылған. Ақмола облысында Астана-Петровал жолында барлық көлік түрлерінің жүруіне уақытша тыйым салынған. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында

Алматы облысында Сарыөзек-Көктал жолында (40-80 километрі аралығы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына, Шығыс Қазақстан облысында Бақыршық-Бұрсақ жолында (0-18 километрі аралығы) барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған.

Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург жолында (1051-1127 километрі аралығы) Қостанай облысында Жезқазған-Петропавл, Арқалық-Торғай, Әулиекөл-Жолдама, Қойбағар-Севастопольский, Әулиекөл-Ақжол, Қостанай-Әулиекөл-Сурган жолдарында барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу салынған.

XS
SM
MD
LG