Accessibility links

Астанада бүгін Сирия бейбіт келіссөзі басталады


Сирия бейбіт келіссөзі өтетін Rixos President Astana қонақүйіндегі конференция залы. Астана, 22 қаңтар 2017 жыл.
Сирия бейбіт келіссөзі өтетін Rixos President Astana қонақүйіндегі конференция залы. Астана, 22 қаңтар 2017 жыл.

Астанада бүгін Сирия дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі келіссөз басталады. Қзақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Сирия үкіметі мен Сириядағы оппозицияшыл көтерілісшілер қатысатын келіссөз бүгін Rixos President Astana қонақүйінде Астана уақыты бойынша сағат 13-те басталып, 24 қаңтар күні сағат 13-те аяқталады деп жоспарланған. 24 қаңтар күні келіссөз аяқталған соң сағат 14-те қорытынды брифинг өткізу жоспары бар. Келіссөз жабық түрде өтеді.

Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов кеше кешке Астанада Сирия үкіметі делегациясының басшысы, Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар әл-Джаффаримен, Сирия оппозициясы делегациясының басшылығымен кездесіп, келіссөзге дайындық мәселелерін талқылаған.

Келіссөз Ресей, Иран және Түркияның араағайындығымен өтпек. Келіссөзге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура да қатысады.

Сирия дағдарысында Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асад үкіметін, Түркия қарулы оппозицияшыл топтарды қолдайды.

XS
SM
MD
LG