Accessibility links

Сирия оппозициясы Ресей ұсынған конституция жобасын қабылдамады


Яхья әл-Ариди, Сирия оппозициясы делегациясының ресми өкілі. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.
Яхья әл-Ариди, Сирия оппозициясы делегациясының ресми өкілі. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.

Сирия оппозициясы Ресей ұсынған Сирияға арналған жаңа конституция жобасын қабылдамай тастады.

Мәскеу Сирия оппозициясымен Астанада өткен келіссөз кезінде ұсынылған конституция жобасы Сирия үкіметі, оппозициясы және аймақтағы күштердің идеяларынан құралған дейді.

Бірақ Bloomberg-тің Сирия оппозициясы делегациясының ресми өкілі Яхья Әл-Аридиге сілтеме жасап хабарлауынша, оппозиция "Сирия конституциясын сириялықтардың өздері ғана жазуға хақылы екенін" айтқан.

"Ресейліктер конституция жобсын үстелге қойды, біз оны ұстап та қарамадық. Біз оларға жобаны талқыламайтынымызды айттық" деген бұған дейін France Press агенттігіне оппозиция делегациясының аты-жөнін атамаған өкілі.

Астанадағы келіссөздің соңғы күні - 24 қаңтарда Ресей, Иран және Түркия Сирияда жарияланған әлсіз бітімнің сақталуына бірлесе кепілдік беретінін мәлімдеген.

Мәскеу мен Тегеран Сириядағы алты жылға ұласқан азаматтық соғыста Сирия президенті Башар Асадты, Анкара оппозицияны қолдайды.

Мәскеу бұған дейін сыртқы істер министрі Сергей Лавров 27 қаңтарда Мәскеуде Сирия оппозициясының өкілдерімен кездесетінін мәлімдеген. Бірақ кездесуге нақты кімдер қатысатыны белгісіз.

XS
SM
MD
LG