Accessibility links

Мексика президенті АҚШ сапарынан бас тартты


Мексика президенті Энрике Пенья Ньето.
Мексика президенті Энрике Пенья Ньето.

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен келесі аптаға жоспарланған кездесуге бармайтынын мәлімдеді. Бұл мәлімдемеден бірнеше сағат бұрын Трамп Twitter парақшасында Мексика президенті шекара бойымен салынатын дуалды қаржыландырмайтын болса, АҚШ-қа сапарын өзгертуі керек деген мазмұнды твит жариялаған.

Ал Ньето өзінің Twitter парақшасында: "Бүгін таңертең Ақ Үйге келесі сейсенбіге жоспарланған АҚШ президентімен жұмыс кездесуімізге бармайтынымды хабарладық. Мексика екі мемлекет үшін де пайдалы нәтижеге қол жеткізу үшін АҚШ-пен бірлесе қызмет жасау ниеті бар екенін қайыра ескертеді" деп жазды.

Дональд Трамп сайлау кампаниясы кезінен бері АҚШ пен Мексиканың арасына биік дуал тұрғызып, оның шығынын Мексикаға көтертем деп мәлімдеп келеді. Трамп осындай жолмен заңсыз миграция мен есірткі саудасы сияқты келеңсіз құбылыстардың алдын алам деп санайды. Бұл жобаға қарсылар оның қисынсыздығы мен мәселені түпкілікті шешпейтіндігіне назар аудартады.

XS
SM
MD
LG