Accessibility links

HRW Астананы мұнайшылар кәсіподағы жетекшілерін босатуға шақырды


OCC сотқа бергендердің бірі, компания кәсіподағының төрағасы Әмин Елеусінов және компанияның өзге де жұмысшылары. Ақтау, 5 қаңтар 2017 жыл.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы Қазақстанынң серіктестерін, оның ішінде Еуропа Одағы мен АҚШ-ты Қазақстан билігіне Маңғыстау облысындағы мұнайшылар аштығынан соң қылмыстық айып тағылған кәсіподақ жетекшілері Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаевты босатуына ықпал етуге шақырды.

HRW 26 қаңтарда таратқан мәлімдемесінде халықаралық екі кәсіподақ ұйымы, оның ішінде Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Oil Construction Company компаниясы жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Әмин Елеусінов пен кәсіподақтың еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевты босатуға шақырған хат жолдағанын айтады. Бірнеше күнге осзылған аштық кциясының жетекшілері Елеусінов пен Құшақбаев өткен аптада Ақтауда ұсталып, сосын Астанаға әкетілген. Астанада олар қылмыстық күдікке ілініп, қамалған.

HRW Елеусінов пен Құшақбаевты қудалау мұнайшылардың Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жабуға қарсы аштық жариялауымен байланысты болуы мүмкін дейді.

"Бейбіт және зорлық-зомбылықсыз қарсылық танытқандарды қамау құптарлық іс емес және ол мәселені шешпейді. Қазақстан билігі жұмысшылардың кәсіподақ құру және қарсылық білдіру құқығын құрметтеуі тиіс" дейді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон. Ол Қазақстан экономикасы үшін мұнай саласы "маңызды" екенін және "мұнай саласы жұмысшыларының негізгі құқықтарының сақталуы үшін күресу керегін" айтады.

HRW Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы Назарбаевқа жазған хатында Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын қудалауды да тоқтатуға шақырғанын айтады.

Аштық жариялаған мұнайшылардың басты талабы - құрамына OCC кәсіподағы да кіретін Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын тіркеу болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG