Accessibility links

АҚШ вице-президенті тұңғыш рет абортқа қарсы шеруде сөйледі


АҚШ вице-президент Майк Пенс.
АҚШ вице-президент Майк Пенс.

Жұма күні Вашингтонның орталығында абортқа қарсы өткен жыл сайынғы дәстүрлі шеруге қатысушы мыңдаған адамның алдында сөйлеген АҚШ вице-президент Майк Пенс аталған қозғалыс үшін "тарихи сәт" туды деп мәлімдеді.

"Бүгін осы жерге үш буын өкілдері жиналды. Бұл сіздер және бізбен бірге шеруге қатысушы мыңдаған басқа адамдардың арқасында Америкада өмір тағы да жеңгенін білдіреді" деп мәлімдеген Пенс.

АҚШ-та Жоғарғы сот абортқа заң жүзінде рұқсат еткеннен бері осымен 44-рет өткізіліп отырған "Өмір үшін маршы" акциясына алғаш рет осы елдің вице-президенті қатысып, сөз сөйледі.

Бұған дейін абортқа қарсы шеруге АҚШ президенті Дональд Трамп қолдау білдірген.

XS
SM
MD
LG