Accessibility links

Астаналық үлескерлер үкіметтен көмек сұрамақ ниетте


Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер үлескерлері қала билігі өкілдерімен жиын өткізіп отыр. Астана, 31 қаңтар 2017 жыл.
Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер үлескерлері қала билігі өкілдерімен жиын өткізіп отыр. Астана, 31 қаңтар 2017 жыл.

Астанада бүгін "Турист" қонақүйінде құрылысы аяқталмаған, даулы ондаған тұрғын үй кешенінің үлескерлері жиналып, үкіметтен баспаналарын аяқтауға қаржылай көмек сұрады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жиынды 29 проблемасы бар тұрғын үйге ақша салдық деген 40 шақты үлескер өткізді. Жиынға қалалық әкімдіктің, прокуратура, қалалық сәулет-құрылыс басқармасының өкілдері келді.

Үлескерлер қалада 2005-2006 жылдардан бері құрылысы аяқталмаған 58 тұрғын үй нысаны барын, бұл мәселені шешуге қалалық әкімдіктің құзыреті жетпейтінін, жуық арада шешілетінінен күдер үзгенін айтты. Олар мәселелерін шешуге премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан, президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрайтынын айтты. Олар өздерінде бұл мәселені қалай шешуге қатысты ұсыныстары барын айтып, үкіметтен қаржылай көмек сұрайтынын мәлімдеді. Олар Сағынтаевқа хат жазатынын, кезедсуге талпынып көретінін айтты.

Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер үлескерлері қала билігі өкілдерімен жиын өткізіп отыр. Астана, 31 қаңтар 2017 жыл.
Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер үлескерлері қала билігі өкілдерімен жиын өткізіп отыр. Астана, 31 қаңтар 2017 жыл.

Үлескерлердің сөзінше, үлескерлердің қаржысын жымқыруға қатысты тұрғын үйлерді салған мердігер компаниялардың кейбірінің басшылары сотталғанымен, мәселелері сол шешілмеген күйі қалғанын айтты.

Қалалық әкімдік өкілдері үлескерлер мәселесін шешуге қаржылай көмек бере алмайтынын, тек құқықтық тұрғыдан қолұшын бере алатынын жеткізді.

Жиынға оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова да келіп, сөйледі. Ол үлескерлер мәселесінің әбден пісіп-жетілгенін, енді тезірек заңды шешу қажетін айтты.

Өткен жылы қарашада Астана соты "Жеті-Жол", Гарант", "Комсомольский", "Садовые кварталы", Expo City, "Айсанам De Luxe", "Комфорт De Luxe" және "Династия" тұрғын үй кешендері үлескерлерінің қаржысын жымқыруға қатысты 10 адамды соттаған. Бұл іс бойынша сотқа тартылған 10 адам "аса ірі көлемдегі бөтен мүлікті жымқырды" деп танылған. Олардың тоғызына үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру және жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеу үкімі кесілген. Сот шешімі бойынша олардың барлығы бес жылға дейін материалдық жауапкершілік арқалайтын және әкімшілік-басқаруға қатысты қызметтерді атқару құқығынан айырылған.

XS
SM
MD
LG