Ұлыбритания үкіметі елдің қылмыстық кодексінен бір жыныстылардың қарым-қатынасына тыйым салатын бап жойылғанға дейін сотталған мыңдаған ер адамды қайтыс болған соң ақтады. Жаңа қаулы бойынша, аталған бап бойынша сотталған көзі тірі адамдар сотты болғаны туралы тіркеуден шығаруды сұрап өтініш білдіре алады.
30 жыл бойы рақымшылық жасау кампаниясын жүргізген белсенді Питер Татчеллдің мәлімдеуінше, жаңа заң «1885-2003 жылдар аралығында 50 мыңнан 100 мыңға дейін адам қаза тапқан қасыретті әділетсіздікті түзеуге» мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар жаңа шаралар «келтірілген зардаптың өтеуін сұрауға болатынын меңзейді» дейді.
Белсенділер рақымшылық жасау кампаниясын жүргізгенде назар аудартуға тырысқан істердің бірі – белгілі ғалым Алан Тюригтің тағдыры болған. Тюринг Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер пайдаланған шифрлеу жүйесін бұзуда маңызды рөл атқарған. 1945 жылы Тюринг гомосексуалдық байланысына бола «әдепсіз мінез-құлық көрсетті» деп сотталып, өз-өзіне қол салған. 2013 жылы Ұлыбритания ханшайымы ғалымды қайтыс болған соң ақтаған.