Accessibility links

Украина елшісі: АҚШ Қырым бойынша ұстанымын нақтылады


Владимир Ельченко, Украинаның БҰҰ-дағы елшісі.

Украинаның БҰҰ-дағы елшісі Владимир Ельченко АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украинаның территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін толық қолдайтынын және Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанымен ешқашан келіспейтінін мәлімдеді.

Нью-Йоркте өткен баспасөз конференциясында Ельченко АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли өзіне АҚШ "Ресейдің Украинаның шығысындағы әрекеттеріне мүлдем қарсы" екенін айтқанын хабарлады.

"Ол АҚШ-тың Қырымға қатысты ұстанымын нақтылап, аннексияның құп көрілмейтінін жеткізді" деді елші. Ельченко Хейлидің Ресейдің Қырымды аннексиялап алуы мәселесіне қатысты жауабына "толық қанағаттанатынын" да айтты.

Өткен жылы Дональд Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде америкалық ABC телеарнасына Қырымға қатысты мәселеде "Қырым тұрғындарының Ресеймен бірге болғанды қалайтынын" естігенін және бұған да назар аудару қажетін мәлімдеген.

Ельченконың сөзіне қарағанда, егер Трамп әкімшілігі Ресеймен барынша тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылса онда ол "Украинаның мүддесі" тұрғысынан жасалуы тиіс. БҰҰ-дағы америкалық миссия АҚШ елшісі Никки Хейлидің Ельченкомен кездесуінде Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын тағы мәлімдегенін растады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG