Accessibility links

Лукашенко: Ресей шекара келісімін "сызып тастады"


Беларусь президенті Александр Лукашенко баспасөз конференциясында отыр. Минск, 3 ақпан 2017 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко баспасөз конференциясында отыр. Минск, 3 ақпан 2017 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Кремльді Ресей мен Беларусь арасындағы келісімді бұзып, энергетикалық шикізатын "жаналқымнан алуға" пайдаланып отыр деп айыптады. Бүгін Минскіде өткен баспасөз конференциясында Лукашенко жергілікті және шетелдік журналистер алдында Ресейдің Беларусьпен жасасқан шекара келісімін "қаламсаппен әдемілеп тұрып сызып тастағанын" мәлімдеді.

Лукашенко бұл сөзі арқылы Минск 9 қаңтарда 80 мемлекет, оның ішінде Еуропа Одағы одағының елдері мен АҚШ азаматтарына елге бес күнге дейін визасыз келіп-кетуіне рұқсат берген Ресейдің Беларусьпен шекарасына бақылау орнатуға кіріскенін меңзеді.

Лукашенко Ресейді шағын ғана Беларуське оның көмірсутегі шикізатын тасымалдайтын құбырларына бақылау орнату арқылы ықпал еткісі келеді және мұнай мен газын билігін жүргізуге пайдаланғысы келеді деді.

"Ресей мұнай және газ құбырларын жиі уысында ұстап келген. Қазір де солай болып отыр" деді Лукашенко. Беларусь басшысы "Осындай кикілжіңдерден соң олар үнемі маған "Біз аздап қатты келіп қалыппыз" дейді. Бірақ өмірлік маңызы бар нәрсеге қалай үстемдік жүргізеді? Неге бізді жаналқымнан алады?" деді.

Александр Лукашенко "тәуелсіздіктің мұнаймен өлшенбейтінін" және ұзақ уақыт бойы Ресейдің субсидияланған көмірсутегі шикізатына тәуелді болған Беларусьтің қажет болса мұнай мен газдың басқа да көздерін табатынын айтты.

XS
SM
MD
LG