Accessibility links

Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды


Қарағанды облысында ұйытқыған жел (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысында ұйытқыған жел (Көрнекі сурет).

Қазақстанның бірнеше облысында бұрқасынға және жолдың нашар көрінуіне байланысты жолдар жабылды.

"Қазавтожол" республикалық мекемесінің хабарлауынша, 6 ақпанға қараған түннен бастап Ақтөбе облысында Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астрахань, Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Орынбор жолдарында көлік жүруіне шектеу қойылған.

Батыс Қазақстан облысында қар мен бұрқасынға байланысты Самара-Шымкент жолының 330-526 километрі аралығында, Алматы облысында Талдықорған-Қапал жолының 0-76 километрі аралығында барлық көлікке жол жабылған.

Ал Астанада бүгін қатты аяздан мектептерде бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. "Қазгидромет" республикалық мекемесінің мәліметінше, Астанада бүгін таңертең 25 градус суық болып тұр.

XS
SM
MD
LG