Accessibility links

Қазақстан шорт-трек құрамасы әлем кубогында 5 медаль алды


Шорт-трек құрамасының мүшесі Денис Никиша (көк формада).

Шорт-тректен Минскте (Белорусь) өткен әлем кубогы кезеңінде Қазақстан бір алтын, бір күміс, үш қола медаль алды.

Ерлер арасында 500 метрге жүгіруде қазақстандық Денис Никиша алтын, Абзал Ажғалиев күміс медаль иеленді. Қоланы Ванкувер олимпиадасының чемпионы канадалық Франсуа Амлен алды.

1000 метрге жүгіруде қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев үшінші нәтиже көрсетті. Ол сенбі, 11 ақпанда 1000 метрге жүгіруде тағы бір қола жүлде жеңген.

Сондай-ақ ерлер арасындағы 5000 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы Голландия мен Ресейден кейін үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан шорт-трек құрамасы 10 наурызда Голландияда басталатын әлем чемпионатына қатысады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

Саргсян кетіп, Пашинян босаған күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00
XS
SM
MD
LG