Accessibility links

Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" ұйымының күдікті мүшелері ұсталды


Қырғызстан арнайы қызмет сарбаздарының күдіктілерді ұстау сәті (Көрнекі сурет).
Қырғызстан арнайы қызмет сарбаздарының күдіктілерді ұстау сәті (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда елде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының күдікті сегіз мүшесі ұсталды. Қырғызстаның ішкі істер министрлігінің лауазымды өкілдері 14 ақпанда Кара-Суу ауданында ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша милиция тінту жүргізіп, "экстремистік мазмұндағы" видеоматериалдар мен әдебиеттер тәркілегенін хабарлады.

Қырғызстан билігі "Хизбу ут-Тахрир" ұйымы экстремистік "Әл-Қаида" және "Ислам мемлекеті" ұйымдары содырларның жастарды өз қатарында Сирия мен Иракта соғысуға тартуына араласады деп санайды.

Реcей мен бұрынғы совет республикаларында тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымы бейбіт мақсатта жұмыс істейтінін айтады. Бұл халықаралық саяси ұйым мұсылман елдерін шариғат заңдары бойынша өмір сүретін дүниежүзілік халифатқа біріктіруді мақсат ететінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG