Accessibility links

Ташкент Украинадан Каримовтың туысын экстрадициялауды сұрады


Акбарали Абдуллаев, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың әйелінің жиені.

Өзбекстан билігі Украинадан бұрынғы президент Ислам Каримовтың әйелінің жиені Акбарали Абдуллаевты экстрадициялауды сұрады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы. Украина бас прокуратурасы қызметкерінің Өзбек редакциясына хабарлауынша, ақпанның басында Өзбекстан бас прокуратурасы Украинаға 33 жастағы Абдуллаевты қайтаруды сұрап өтініш берген. Бұл ақпаратты Өзбекстан бас прокуратурасы да растады.

Өзбекстан прокуратурасының айыптау құжатында Абдуллаевтың миллиондаған қардыны жымқырды, шетел валютасын жасырды, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды және қызмет бабында жалған құжат жасады деп айыпталатыны айтылған.

Акбарали Абдуллаевқа өзбек билігі халықаралық іздеу жариялаған.

Абдуллаев 2013 жылы 10 қазанда экономикалық ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен Ислам Каримовтың жеке бұйрығы бойынша қамалған. 2014 жылы қарашада сот оны 15 жылға соттап, кейін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Абдуллаев екі жарым жыл түрмеде отырған соң мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан. Бірақ 2016 жылы 2 қыркүйекте Ислам Каримов қайтыс болғаннан аз уақыттан соң ол заңсыз жолмен Өзбекстаннан кетіп қалған.

Биыл 14 қаңтарда Абдуллаев Киев әуежайында ұсталған. Украин шекарашылары одан Өзбекстан мен Доминикан паспортын тапқан.

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG