Accessibility links

Ембі полициясында өзін өртеген адамның қазасын тексеріп жатыр


Ақтөбе облысының картасы.
Ақтөбе облысының картасы.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Ембі қаласында өзін өртеп мерт болған Серік Ерменсейітовтің қазасы бойынша қылмыстық кодекстің "өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Азаттыққа.

Полицияның ақпаратында 39 жастағы жергілікті тұрғын ақпанның 12-і түнгі сағат 2:45 кезінде Ембі қаласындағы полиция полиция бөлімшесіне үстіндегі киімі жанған күйі кіріп келгені айтылған.

"Кезекшілер тобы отты өшіріп, дереу жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ денесі қатты күйген Серік Ерменсейітов дәрігерлер оқиға орнына жеткенше қайтыс болған" деп хабарлады облыстық полиция мекемесінің баспасөз қызметі.

Серік Ерменсейітовті білетіндер оны "тұлдыр жетім болып өскен тұйық, біртоға жігіт болатын" деп сипаттайды. Таныстарының айтуынша, жұмысынан қысқарып қалғалы бері ол кездейсоқ табыспен күнелтіп жүрген.

- Оқиға болардан он күн бұрын Серіктің келіншегі қайтыс болған еді. Сол оқиғаға байланысты полиция оны тергеп, жауап алған, - деді Азаттыққа аты-жөнін атамауды сұраған жергілікті тұрғын.

Полиция Серік Ерменсейітовтің оқиға болар алдында "қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылмағаны" туралы айтады.

XS
SM
MD
LG