Accessibility links

Гурбангулы Бердімұхаммедовтің инаугурациясы өтті


Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов.
Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов.

Гурбангулы Бердімұхаммедов үшінші рет Түркіменстан президенті ретінде ант берді. Ақпанның 17-і күні Ашғабатта өткен инаугурация рәсімінде авторитарлық басшы ел конституциясына оң қолын қойып, халқына адал болуға ант етті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 59 жастағы Бердімұхаммедов 12 ақпандағы сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинап, биліктегі мерзімін тағы да жеті жылға ұзартты.

Бердімұхаммедов қоғамдық өмірдің барлық саласын қатаң бақылауында ұстап отыр. Ол бұл жолғы президенттік сайлауда өзіне "балама" сегіз үміткерді еш қиындықсыз жеңді.

Түркіменстандағы парламенттік немесе президенттік сайлаулардың бірде-бірін халықаралық бақылаушылар әділетті өтті деп мойындамаған.

XS
SM
MD
LG