Accessibility links

АҚШ пен Ресей - әлемдегі қару-жарақты ең көп экспорттаушы елдер


Көрнекі сурет.

АҚШ пен Ресей соңғы бес жылда әлемде ең ірі қару-жарақ экспорттаушы елдер атанды.

Швецияның SIPRI (Stockholm International Peace Research Institute) зерттеу институтының мәліметінше, соңғы жылдары қару-жараққа деген сұраныс Таяу Шығыс аймағында артқан. Институт 2012-2016 жылдары әлемдегі қару-жарақ экспортының 33 пайызы АҚШ-тың үлесіне, 23 пайызы Ресейдің үлесіне тигенін айтады. АҚШ-тың экспорт көрсеткіші 2011 жылдан бері 21 пайызға артқан. АҚШ экспорттаған қару-жарағының жартысына жуығы Таяу Шығысқа жеткізілген.

Ресей экспорттаған қару-жарағының 70 пайызы Үндістан, Вьетнам, Қытай және Алжирге сатылған. Соңғы бес жылда әлемдегі қару-жарақтың 6,2 пайызын - Қытай, 6 пайызын - Франция, 5,6 пайызын Германия экспорттаған.

SIPRI тұтастай алғанда әлемде қару-жараққа сұраныс 2004 жылдан бері тұрақты түрде артқанын айтады. Соңғы бес жылда қару-жарақ саудасының көлемі 8,4 пайызға артқан. Қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері қару-жарақ саудасында мұндай өсім бірінші рет тіркеліп отыр.

SIPRI дерегінше, Азия мен Таяу Шығыста қару-жарақ саудасы артып, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Африкада азайған.

Соңғы бес жылда Үндістан сатып алатын қару-жарағының көлемі 43 пайызға артып, әлемдегі ең ірі қару-жарақ импортері атанған. Қазір әлемдегі қару-жарақ импортының 13 пайызы Үндістанның үлесінде. Үндістан қару-жарағының 68 пайызын Ресейден сатып алған. Бұл - Үндістанның АҚШ-тан сатып алған қару көлемінен бес есе көп.

XS
SM
MD
LG