Accessibility links

Шаңғышы Мухин - Азия ойындарының чемпионы


Қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин Азия ойындарында. Саппоро. 21 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).
Қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин Азия ойындарында. Саппоро. 21 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтынын алды. Ерлер арасында 15 километрге шаңғымен жүгіруде Ринат Мухин Азиада чемпионы атанды.

Күміс пен қоланы жапониялық Наото Баба мен Акира Лентинг иеленді.

Ал әйелдер арасында 10 километрлік шаңғы жарысында Елена Коломина қола жүлдегер атанды. Ол 20 ақпанда спринттік жарыста күміс медаль иеленген.

Қазір Қазақстанда бір алтын, бір күміс, бір қола медальмен жалпы есепте Оңтүстік Корея, Жапония, Қытайдан кейін төртінші орында келеді.

Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG