Accessibility links

Иран Ресеймен мұнайды тауарға айырбастау келісімін жасасты


Биджан Намдар Занганех, Иран мұнай министрі.

Иран билігі алдағы 15 күн ішінде Ресейге тәулігіне 100 мың баррель көлемінде мұнай сатуды бастайтынын мәлімдеді. Ресей жағы оның жартысын қаржылай, қалғанын тауар және қызмет көрсету арқылы төлемек. Ирандық ақпарат құралдары келісім туралы Иранның мұнай министрі Биджан Намдар Занганех Ресей энергетика министрі Александр Новакпен Тегерандағы кездесуден соң толық айтып бергенін хабарлап жатыр.

«Әрине, біз келісімге бүгін-ақ қол қоюға дайын едік, бірақ ресейлік әріптесіміз аэропортқа асығып жатыр еді» деді министр. Ол көптеген ресейлік компаниялар ирандық компаниялармен серіктестік меморандумдарын жасасып үлгергенін айтып, «Біз тауарға мұнай айырбастау жағын талқыладық» деді.

Мұнай саудасы әлемдік нарықта АҚШ долларында жүргізілгендіктен Иранға басқа елдерге мұнай сату қиынға соғып тұр. Өйткені АҚШ санкциялары Иранға доллар кіргізуді шектейді. Сол себепті Иран билігі ара-тұра бартер әдісін қолданады. Занганех Ресей ОПЕК-тің мұнай өндіру туралы шешімін қолдап, өндіріс көлемін күніне 300 мың баррельге дейін қысқартатынын айтты.

AzattyqTV

AzatNews 20.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG