Қазақстан қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі миинстрлігі заң департаменті директорының орынбасары Е.Арпабаев "пара алды" деген күдікке ілінді. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеунік Шығыс Қазақстан облысында аты-жөні аталмаған жергілікті мекеме өкілінен "министрліктің мемлекеттік материалдар резерві комитетімен мемлекеттік атып алу туралы келісімге қол қою үшін" "пара алу үстінде" ұсталған.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамына үш комитет пен оннан астам департамент кіреді. Министрлік 2016 жылы құрылған және оны Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бейбіт Атамқұлов басқарады.
Министрлік қорғаныс, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қорғаныс тапсырысын түзу және орындауда басшылық ету міндеттерін атқарады.
Коррупцияға қарсы ұлттық бюро Арпабаевтың Өскемен қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторына қамалып, сот алды тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.