Accessibility links

Мирзияев пен Мәмин ынтымақтастық мәселелерін талқылады


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентке екі жақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның отырысына қатысуға барған Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Асқар Мәминмен кездесті.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзияев сауда-экономикалық саладағы стратегиялық әріптестіктің қалыптасып, даму қарқынын оң бағалады. Ол ынтымақтастықты ары қарай сауда, инвестиция, технология және көлік-коммуникация салаларындағы нақтылы жобаларды қолдап, алға шығару арқылы арттыру керегін айтты.

Қазақстан ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылы Өзбекстанмен сыртқы сауда көлемі үш миллиард доллардан асқан.

Өзбек президенті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Мәмин Қазақстанның екі ел арасындағы ынтымақтастықты толық ауқымда дамытуға дайын екенін білдірді.

Асқар Мәмин соңғы жеті айда Өзбекстанға осымен екінші рет барып отыр. Қыркүйекте Мәмин сол кезде Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов қайтыс болғанда президент міндетін атқарып тұрған Мирзияевпен кездескен.

XS
SM
MD
LG