Accessibility links

Дариға Назарбаева бір палаталы парламент құруға қарсы шықты


Дариға Назарбаева, парламент сенатының депутаты.
Дариға Назарбаева, парламент сенатының депутаты.

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қазақстанда бір палаталы парламент құру идеясына қарсылық білдірді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Астанада сенат тыңдауы арасында журналистерге жауап берген Назарбаева қос палаталы парламенттік жүйенің оң тұстары барын және ол өзінің тиімділігін талай рет дәлелдегенін айтты. Оның пікірінше, Қазақстандағы қазіргі парламент қос палаталы болғандығының арқасында теңгерімділікті сақтап тұр.

"Кез-келген саяси жүйеде мүдделерді теңгерімді, жүйені икемді әрі берік ететін механизмдер болады. Беріктіктің өзі осы икемділіктен шығады" деді Назарбаева.

Бұған дейін парламент мәжілісіндегі "Ақжол" фракциясының басшысы Азат Перуашев президент ұсынған билік тармақтары арасында өкілеттікті бөлу реформасы аясында Қазақстан парламентін бір палаталық жүйеге өзгерту туралы ұсыныс білдірген.

XS
SM
MD
LG