Accessibility links

Астанада "Хизб ут-Тахрир" ұйымының бөлімін құрмақ болған күдікті ұсталды


ҰҚК ғимараты (Көрнекі сурет).
ҰҚК ғимараты (Көрнекі сурет).

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін Астанада "Хизб ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының бөлімшесін құрмақ болды деген күдікпен А.К. есімді қала тұрғынының ұсталғанын хабарлады.

ҰҚК ақпаратына қарағанда, ақпан айында Астанадағы күдіктінің Алматыдағы жақтасы "Хизб ут-Тахрир" ұйымының идеяларын насихаттайтын үнпарақ таратпақ болды деген күдікпен ұсталған. Қазір екі факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан, Реcей мен бұрынғы совет республикаларында тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымы бейбіт мақсатта жұмыс істейтінін айтады. Бұл халықаралық саяси ұйым мұсылман елдерін шариғат заңдары бойынша өмір сүретін дүниежүзілік халифатқа біріктіруді мақсат ететінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG