Accessibility links

Оңтүстік Корея президенті қызметінен түпкілікті шеттетілді


Пак Кын Хе, Оңтүстік Кореяның биліктен кетірілген президенті.

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты 10 наурызда ресми түрде Пак Кын Хенің президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы шешім шығарды. Пак Кын Хеге бұған дейін парламент оның қызметіндегі коррупциялық жанжалға қатысты импичмент жариялаған. Пак Кын Хе осылайша Оңтүстік Кореяның қызметінен кетірілген демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті атанды.

Оңтүстік Кореяның алғашқы әйел президенті, диктатордың қызы, 65 жастағы Пак Кын Хе 2012 жылы сайланған. Конституциялық соттың шешімі енді оған қарсы қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік береді. Оңтүстік Кореяда демократиялық басқару құрылымы 1980 жылдардың соңында орныққан.

Пак Кын Хеге импичмент жарияланған соң оның уақытша атқару премьер-министр Хван Ке-анға тапсырылған.

Ел заңдары бойынша, жаңа президент алдағы екі айда сайлануы тиіс. Сауалнама нәтижелері бойынша, қазір либералды саясаткер, 2012 жылғы сайлауда Пактан жеңілген Мун Джэиннің бәсі жоғары.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG