Accessibility links

Францияда Ильич Рамирес Санчесті тағы да сотқа тартпақ


"Қорқау Карлос" деген атқа ие болған терроршы Ильич Рамирес Санчес.
"Қорқау Карлос" деген атқа ие болған терроршы Ильич Рамирес Санчес.

Франция билігі 1974 жылы Париж дүкенінде екі адамның қазасы мен 34 адамның зардап шегуіне себеп болған жарылыс үшін «қорқау Карлос» деген атпен белгілі Ильич Рамирес Санчесті жауапқа тартпақшы. Дүйсенбі күні үш судья 1974 жылғы қыркүйектің 15-і күні Париж түбіндегі Сен-Жермен-де-Предегі дәріханаға жасалған шабуылға байланысты Ильич Рамирес Санческе тағылған айыптауды тыңдайды.

Венесуэла тумасы 67 жастағы Ильич Рамирес Санчес жазушы Фредерик Форсайттың «Қорқаудың күні» романындағы ойдан шығарылған терроршының есімімен «қорқау Карлос» аталып кеткен. Қазір ол 1975 жылы Парижде екі полиция қызметкерін және ливандық революцинерді өлтіргені үшін өмірлік түрме жазасын өтеп жатыр.

Ол сонымен бірге 1982 және 1983 жылдары Париж бен Марсель қалаларында жасалған төрт шабуыл үшін де айыпты деп танылып, сотталған. Ол шабуылдар салдарынан 11 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жараланған.

Француз полициясының элиталық бөлімшесі Ильич Рамирес Санчесті 1994 жылы Судан астанасы Хартумда ұстаған. «Құрбан болғандардың туыстары Карлос қашан сот алдында жауап беріп, жазаланады деп ұзақ күтті. Олардың жарасы ешқашан жазылмайды» деп мәлімдеген Санчес өлтірген екі адамның жесірлерінің мүддесін қорғаушы адвокат Жорж Холло.

XS
SM
MD
LG