Accessibility links

Астана: Қазақстан БҰҰ ҚК-ге 2018 жылы қаңтарда төраға болады


Қайрат Абдрахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.
Қайрат Абдрахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2018 жылы қаңтарда төрағалық жасайды деп хабарлады Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов. Мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген Абдрахманов ай сайынғы ротациялық негізде ауысып келіп отыратын төрағалық міндет Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің "шырқау шыңы" болмақ.

ҚҚазАқпараттың хабарлауынша, Абдрахманов Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету кезінде Орталық Азия мен Ауғанстанға қатысты қарар, я мәлімдеме қабылдау жоспарланып отыр дейді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі және екі жыл мерзімге сайланатын тұрақсыз 10 мүшесі бар. Осы айда кеңеске төрағалық ету құқығы Украинадан Ұлыбританияға өтті.

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі қызметіне 2017 жылы 1 қаңтарда кірісті. 2 қаңтарда Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл толды.

XS
SM
MD
LG