Accessibility links

Ұлыбритания парламенті brexit келіссөзін бастауды мақұлдады


Ұлыбритания парламенті (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания парламенті премьер-министр Тереза Мэй үкіметіне Еуропа Одағынан шығу туралы brexit келіссөзін бастауына рұқсат беретін заң жобасын түпкілікті мақұлдады.

Парламенттің төменгі палатасы жоғарғы палатаның осы айдың басында заң жобасына енгізген өзгерістерін мақұлдады.

"Біз қазір еліміз үшін маңызды келіссөзді бастағалы тұрмыз. Енді біз жоспардағыдай осы айдың соңына қарай ЕО-ны құру туралы Лиссабон келісімінің 50-бабын қолданып, Ұлыбританияның мүдделеріне сай нәтижеге қол жеткіземіз" деді brexit мәселелері бойынша министр Дэвид Дэвис.

13 наурызда Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен brexit келіссөзінің шарттары айқындалған соң - 2018 жылдың соңы немесе 2019 жылдың басында тәуелсіздік жариялау туралы референдум өткізуді талап ететінін мәлімдеген.

London Times газеті Мэй тәуелсіздік туралы талап Ұлыбританияның ЕО-мен келіссөзіндегі ұстанымдарына нұқсан келтіреді деп, Стердженнің талабын қайтарып тастауға дайындалып жатқанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG